Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы елеулі аурулардың алдын алуға және емдеуге бағытталған дербестендірілген медицина және қоғамдық денсаулық сақтау қағидаттарына негізделген басқару шешімдері мен цифрлық құралдарды әзірлеу.
Бағдарламаның мақсаттары:
- Жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының халқы арасында аурулардың дамуын болдырмауға бағытталған басқарушылық шешімдерді әзірлеу..
- Аурулардың дамуына генетикалық бейімділікті және профилактикалық іс-шараларда және фармакотерапияда дәрілік заттардың тиімділігін пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының клиникалық тәжірибесіне өзгерістер енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу..
- Химериялық антигендік рецепторларды (CAR-T) экспрессиялайтын аутологиялық генетикалық түрлендірілген Т-лимфоциттерді алу және лейкозбен ауыратын науқастардың адаптивті иммунотерапиясы үшін CAR-T-лимфоциттерді пайдалану технологиясын құру..
- Гендік-клеткалық технологиялар негізінде ағзалар мен жүйелердің жоғалған функцияларын қалпына келтіретін және алмастыратын терапия үшін жоғары регенеративті потенциалы бар дербестендірілген жасуша трансплантациясын әзірлеу және клиникалық тәжірибеге енгізу.
Соңғы пікірлер